«АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!»

0

15 желтоқсан күні Қордай ауданы білім бөліміне қарасты №14 Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектебінде «Абайды оқы, таңырқа!» атты ұлы суреткердің қара сөздерін жатқа айтудан аламан жарыс өтті.

Атаулы білім ордасында ұлы кемеңгердің мұрасын ұлықтап жүрген оқушылардың саны бүгінде 95% құрайды.

Бұл игі бастаманың идеясын алғашқыда ауыл тұрғындары тастаған. «Болашағын ойлаған халық бар байлығын білімге салады» демекші, ауыл балаларының әрбір жетістігін қолдап, демеушілік көрсетіп жүрген де сол ауылдың азаматтары.

«Абайды оқы, таңырқа» атты қара сөздерді жатқа айтудан өткен  III-ші байқауға 5-11 сыныптың барлық 445 оқушысы қатысты. Солардың 440-ы, яғни 99%-ы екіден жоғары қара сөз жаттады. 5-9 қара сөз жаттаған 50 оқушы алғыс хатпен марапатталды. 10-20 қара сөз жаттаған 18 оқушы финалға шығып, біреуі бас жүлде, екі оқушы  бірінші, үш оқушы екінші, төрт оқушы үшінші орын (барлығы 10) иегері атанды. Қалған 8 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Осы 18 оқушы және белсенділікпен іс-шараға қатысқан 5 оқушы, барлығы 23 адам демеушілердің қаражатына көктем шыға Қазақстанның бір қаласына саяхатқа баратын болды. Демеушілік көрсеткен барлық ауыл азаматтарына алғыс білдіреміз!»,-дейді №14 Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Болат Төреев.

Абайды танып, оның шығармашылығымен сусындап өскен өрендер өмір атты ағыста дұрыс бағытты таңдай алатынына ешкім шүбә келтірмесі анық. Абайдың шығармашылығын шәкірт санасына құюда аянбай тер төгіп жүрген ұстаздардың ұлы бастамасы алдағы уақытта аудан деңгейінде жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.