ШАҒЫН ФУТБОЛДАН МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандағы мекемелер арасында шағын футболдан турнир өткізді. Бұл спорттық және достық шара белсенді уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік болып қана қоймай, аудан жұртшылығының бірлігі мен ынтымағын білдірді.

Қызықты сайыста аудандық білім бөлімі тамаша шеберлік пен командалық рухты көрсете отырып, бірінші орынды жеңіп алды.

Ал жүлделі екінші орынды аудандық полиция бөлімі иеленсе, үшінші орынға Қордай аудандық орталық мешіті жайғасты. Жеңімпаз командалар жоғары дайындықтары мен спорттық шеберліктерін дәлелдей білді.

Жүлдегерлер «Жастар ресурстық орталығы» КММ атынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, Қордай ауданы әкімі орынбасарының алғыс хатына да ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.