«АБАЙЛАҢЫЗ–БАЛАЛАР!»

0

Қордай АПБ әкімшілік полиция бөлімшесі мен жергілікті полиция қызметі мен ағымдағы жылғы 22–31 тамыз аралығында (дайындық ретінде) және 1–12 қыркүйек аралығын-да (негізгі кезең) аудан аумағында «Абайлаңыз–балалар!» жедел–профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілуде.

Осыған байланысты АПБ–і аудандық білім беру бөлімімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.08.2010 жылғы №404 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін мектептердің 1–8 сыныптарына арналған Жол жүріс қағидаларына үлгі оқу бағдарламамен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында көлік құралдары жүргізушілерінің дайындығы туралы» БҒМ-нің 24.06.2009 жылғы №313 бұйрығы талабын орындау бойынша жалпы білім беру мекемелерінің тескеру жұмыстарын жүргізумен қатар, нәтижесінде кемшіліктер анықталған жағдайларда, орын алған кемшіліктер бойынша жою жөнінде аудандық білім бөліміне ұсыныстар жолданады. Жол қауіпсіздігі тақырыптары бойынша профилактикалық мағынасы бар көп тиражды парақшасы мен буклеттер азаматтардың жаппай жиналатын орындарында таратылады. Аудан орталығы Қордай ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбына арнайы биллбордтар орнатылады. Оқу жылының басталуымен ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызынан бастап аудандық полиция қызметкерлері тарапынан «Балалар жолда», «Көз алдыңда – аман!» тақырыптарында жолда жүру ережелері бойынша оқу мекемелерінде оқушылармен профилактикалық дәріс сабақтар өткізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.