«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» – ЖАСТАРДЫ НАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖОБАСЫ

0

Елімізде жастарды жұмыспен қамту үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Осындай мақсатта жүзеге асып жатқан бағдарламалардың бірі – «Алғашқы жұмыс орны». Бұл кәсіптік білім мен дағдыларды игеруге арналған жұмыс.

Аталмыш бағдарламаға жасы 35-тен аспаған, кәсіптік білімі және жұмыс өтілі жоқ жастар өтініш бере алады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін жұмыссызға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі.  Ұзақтығы –18 айдан аспайды, жалақысы – 30 АЕК. Бірақ жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жоғары белгіленуі де мүмкін.

Бүгінгі таңда «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында екі қолға бір күрек тауып отырған аудан жастары баршылық. Солардың бірі – Дариға Камкен.

Дариға  Хамитқызы 2023 жылдың 12 шілдесінен бастап Қордай ауылындағы  ЖШС «Сенім Қордай» жекеменшік балалар бақшасында Қордай ауданы бойынша мансап орталығы арқылы алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша жұмыс атқаруда. Жас маманның жұмысына басшылықтың да көңілі тоқ.

«Дариға Хамитқызы өз жұмысына күнделікті мұқият дайындалып, ұйымдастырылған іс-әрекеттерде жаңа технологияларды және көрнекі материалдарды қолданады. Тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылық пен белсенділік танытып, қойылған талаптарды уақтылы және шебер орындай алады. Өзін ұжымшыл және тәрбиеленушілермен жылдам тіл табысуды білетін және өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маман ретінде көрсетті. Балабақша әкімшілігі тәжірибеден өтушіні «өте жақсы» деген бағаға лайық деп санайды»,-деп жас маманның жұмысына оң бағасын берді балабақша меңгерушісі Қ.Күпесбай.

Қордай ауданы бойынша мансап орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.