Егер мен Алға ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асыруына атсалысатын боламын:
округтегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандырамын;
2024-2026 жылдары аралығында шағын бизнес ашуға қолдау көрсетемін;
2024-2026 жылдары аралығында жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, жұмыс орындарын құру, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бар күшімді саламын.
2024-2026 жылдары аралығында әлеуметтік саланы дамытуға;
2024-2026 жылдары аралығында инфрақұрылымды дамытуға ықпал етемін.
Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім, ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.