Қарасу ауылдық округінің әкіміне үміткер ОМИРБАЕВА Гульвира Джумановнаның сайлауалды бағдарламасы

0

Егер мен Қарасу ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік –экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, ауыл тұрғындарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ауылға лайықты қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асырылуына атсалысатын боламын:

— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларын ауыл тұрғындар арасында насихаттай отырып, онда көрсетілген мәселерді ауылда жүзеге асыруға үлес қосамын;

— Ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көп балалы аналарға әлеуметтік және қайрылымдық көмек көрсетуге ықпал етемін;

— Ауылда қоғамдық тәртіптің сақталуына, ауыл жастарының тәрбиесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземін;

— Ауылдағы жайылым жерлер мәселесін қарастыруға ықпал етемін;

Қорыта айтқанда менің алға қойған мақсатым ауылдың әлеуметтік- экономикалық жағдайын дамыту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.