Алға ауылдық округінің әкіміне үміткер МАДИ Нұрланның сайлауалды бағдарламасы

0

Ауыл тұрғындарымен қарым-қатынас біздің ауыл тұрғындарының күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Нашар жолдар, жарықтандырылмаған көшелер, суармалы су, стихиялық күл қоқыс орындар – мұның бәрі бәріне таныс.

— ауыл тұрғындарының саяси сауаттылығы мен қоғамдық өмірдегі белсенділігін көтеру, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру арқылы билікке деген сенімді арттыру;

— ауылда қалыптасқан тұрақты саяси-қоғамдық ахуалды сақтау;

— мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ету;

— ауыл көлемінде ауыл шаруашылығын өркендетумен қатар, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс жасау;

— ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар тәрбиесіне арналған іс-шараларды арттыру;

Халық сенімі мен аманаты мен үшін аса жауапкершілік, үлкен абырой. Сол сенімнен шығу мақсатында туған жердің азаматы ретінде еліміздің кемел келешегі үшін ауылды өркендетіп, жоғары белестерге көтеру азаматтық борышым деп есептеймін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.