АНТЫНА АДАЛДЫҚ ТАНЫТҚАН

0

5 мамыр күні ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің Қордай ауданы бойынша Шекара қызметі басқармасында мерзімді әскери қызметшілердің салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Отанға адалдық антын туған-туыстарының, қолбасшылардың, ауған жауынгерлерінің қатысуымен 325 жас сарбаз қабылдады.

«Мен, Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын …» деп басталатын Әскери анттың қасиетті сөздері әрбір сарбаздың жүрегінде оның өмірінің соңына дейін сақталады. Ант қабылдау рәсімі жоғары деңгейде өтті. 

Ант қабылдау рәсіміне әскери бөлім басшылығы, сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. Сондай-ақ, шараның құрметті қонақтары Ауған соғысы ардагерлері, аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов болды.

Қордай ауданы бойынша Шекара қызметі басқармасының қолбасшысы, подполковник Д.Көкбаев жас шекарашыларға жылы лебізін жеткізіп, алдағы әскери қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Қордай  ауданының Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Дәулет Қырғызбаев жас сарбаздарды әскери ант қабылдауларымен құттықтап, оларға қызметте табыс тілеп, мемлекеттік шекараны қорғау мен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оларға жүктелген ерекше жауапкершілікті атап өтті.

Салтанатты шара соңында Қордай ауданы бойынша Шекара қызметі басқармасының басшылығы сарбаздардың туыстарымен әңгімелесіп, олардың барлық сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ бұл күні дәстүр бойынша жас сарбаздарға ата-аналарымен, туған-туыстарымен көрісуге уақыт берілді.

Әскерилерді алда қызу қарқынды жауынгерлік дайындық шаралары мен қызмет күтіп тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.