АПОСТИЛЬ

Woman Notary Public stamping the contract. Law office.
0

Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба; апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөнiндегi функциялар орындауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар лауазымды адамдары. Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты Гаага конвенциясына мүшеелдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.

Апостиль қоюшы адамдар қол қойған адам қолының түпнұсқалығына, сапасына және тиiстi жағдайда, осы құжатты бекiткен мөр мен мөртаңбаның түпнұсқалығына жауапкершiлiк көтередi. Апостильдi қоюға жататын ресми құжаттар ретiнде: 1) мемлекеттiк органдардан (мекемелерден, нотариустардан) және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарынан, сондай-ақ сот органдарынан, прокуратура органдарынан, әкiмдерден және басқаларынан шығатын құжаттар; 2) нотариаттық расталған құжаттар; 3) ресми белгiлерi бар құжаттар (визалар, тiркеу туралы белгiлер, нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау және басқалары) қабылданады.

Апостиль: 1) шетелде Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi жасаған
құжаттарға; 2) коммерциялық немесе кеден операцияларға қатысы бар құжаттарға; ерекшелiктер болып мынадай құжаттар саналады: мемлекеттiк органнан шығатын жарғылар мен құрылтайшылық құжаттарға, патенттiк және өзге де құжаттамаға (тiркеу туралы куәлiктер, лицензиялар және т.б.).

Ресми-құжаттарға апостильдi қоюдың тәртiбi мен шарттары бойынша апостиль қойғаны үшiн алым төленгенi бойынша және құжатты ұсынуы бойынша апостиль қойылады. Апостиль қою үшiн құжаттар түпнұсқаларда да, нотариаттық расталған көшiрмелерде де ұсыныла алады. Апостиль кез келген құжат ұсынушының өтiнiшi бойынша құжаттың мәтiннен бос орында не оның арғы бетiнде қойылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органның елтаңбалық мөрiмен бекiтiледi.

Апостиль Гаага конвенциясының қатысушысы ретiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан (мекемелерiнен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында қойылады. Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильдi қою үшiн өзге егемендi мемлекеттердiң (КСРО құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың) мемлекеттiк органдары (мекемелерi), лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттары қабылданбайды.

Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тұрған жерi бойынша нотариаттық расталған көшiрмелерге апостильдi қойғанда мәтiнiне өзгерiстер енгiзуге және оның мөртаңбасындағы жолдардың орналасу ретiн өзгертуге жол берiлмейдi.

Сондай-ақ апостильдiң мөртаңбасын ксерокөшiрме әдiсiмен немесе куәландырылатын құжаттарға тiгу үшiн өзге де жолмен апостильдi парақтан дайындауға жол берiлмейдi. Барлық жағдайларда апостиль мөртаңбаның бедерi ретiнде қойылады. Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылуы мүмкін.

Қойылған апостилi бар парақ жоғарыда көрсетiлген әдiспен және егер құжаттың мұқабасы болған жағдайда (мысалы, бiлiм туралы диплом) құжатқа тiгiлуге тиiс. Апостильдi қою ұсынылған құжатқа қол қойған адамның қолының үлгiсiн талап ету және қол қою құқығына өкiлеттiктерiн растау сондай-ақ құжат шығатын мемлекеттiк орган (мекеме), лауазымды адам немесе нотариус мөрiнiң (мөртаңбасының) бедерiн талап ету қажеттiлiгi жағдайында кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетiлген жағдайларда апостильдi қоюдан бас тартылуы мүмкiн, бұл туралы жүгiнген адамға құжат қабылданған күннен бастап 10 күннiң iшiнде бас тартудың себептерi жазбаша түрде көрсетiле отырып, негiзделген бас тарту берiледi. Бас тарту сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.

Уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда ресми құжаттардың апостильдендiруге келiп түскен немесе келiп түсуi мүмкiн өздерiнiң ведомстволық бағынысты органдардыңжәне т.б. лауазымдыадамдары қолдарының үлгiлерi болуға тиiс. Лауазымды адамдардың қолдарының, құжат шығатын мемлекеттiк органдардың (мекемелердiң) немесе лауазымды адамдардың елтаңбалық мөрлерi мен мөртаңбаларының үлгiлерi болмаған жағдайда, апостиль құжаттардың нотариаттық расталған көшiрмелерiнде қойылуы мүмкiн.

Егер құжатқа бiрнеше адам қол қойса, апостильде лауазымды адамның қолы расталады және қызметi бойынша бастысының лауазымды жағдайы көрсетiледi.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің электрондық форматта жүзеге асырылуын халыққа қызмет көрсету орталығында «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық тәртіппен www.egov.kz порталы арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар екенін түсіндірді.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметті

Leave A Reply

Your email address will not be published.