АРДАГЕРЛЕР, АЛҒА!

0

31 қазан күні Қордай ауданының 95 жылдығына орай  және «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында ардагерлер арасында волейбол және теннистен жарыс өтті. Қатысушыларды спорт саласының ардагері Н.Өмірзақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғ.Әлімжан құттықтап, сәттілік тіледі.

Спорттық жарысқа волейболдан 6 команда қатысты. (Қордай, Ауқатты, Бетқайнар, Сарыбұлақ, Масаншы, Сортөбе а/о). Жеңімпаздары: 1-орын – Масаншы а/о командасы, 2-орын – Қордай а/о командасы, 3-орын – Сортөбе а/о командасы.

Теннис жарысынан 8 команда қатысты (Қордай, Ауқатты, Бетқайнар, Қарасай, Масаншы, Сортөбе, Степной, Отар а/о). Жеңімпаздары: 1 орын – Бешанло Эрсмане (Масаншы а/о), 2 орын – Жетігенов Құрманғазы (Қарасай а/о), 3 орын – Санаров Анатолий (Қордай а/о). Барлық жеңімпаздар диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аудандық ардагерлер кеңесі «AMANAT» партиясының Қордай аудандық филиалына ардагерлердің атынан Алғыс білдіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.