АРДАГЕРЛЕР АРАМЫЗДА

0

11 ақпан күні Сұлутөр ауылдық мәдениет үйінде Ауған соғысының ардагерлері, ауыл қарттары, Т.Бигелдинов атындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен «Ауғандағы отты күндер» атты шара өтті. Шара барысында №37 Сұлутөр ауылдық кітапханашысы Ж.Джургенова көрме ұйымдастырып, жергілікті тұрғындарға, мектеп оқушыларына, мәдениет үйі қызметкерлеріне он жылға жуық созылған сұм соғыс туралы, сол жылдары мерт болған қыршын жастардың ерлігі, туған елге аман оралған жауынгерлер жайлы көптеген мәліметтер айтылды. Отан алдындағы борышын адал атқарып, қаза тапқан жауынгерлер Егемен еліміздің болашағы жастардың, кездесуге қатысушылардың жадында мәңгіге сақталуы үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Шара соңында барлығы дастархан басына жиналып, мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық әндері мен өлең шумақтарын тыңдап, құлақ құрышын қандырды.

Рита ЖИДЕБАЕВА, Сұлутөр ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.