Арзандатылған дизель отынын алу бойынша

0

Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы дақылдарының көктемгі дала жұмыстарына шаруашылықтарға дизель отынын тарату қызметін «Wedo Energy» ЖШС операторы атқаратынын хабарлайды.

Көктемгі дала жұмыстарына шаруашылықтар дизель отынын алу үшін төмендегі құжаттар қажет: 1.Жеке куәлік 2.Банктен анықтама 3.Шаруа қожалықтың тіркеу куәлігі (талон).

Арзандатылған дизель отынын оператормен жеткізу бағасы 250 теңге, шаруашылық өздері арқылы 245 теңге болады.

Келісімшарт жасау мен төлемақы жұмыстары бойынша оператордың бухгалтері Аннаға 87779311431  телефонына хабарласу қажет.

Сұрақтар болған жағдайда ауыл шаруашылығы бөліміне жолығуға болады (87759519327).

 Ғ.Оспанов, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.