«АСАР» жобасы аясында үйлі болды

0

Халқымызда қамқорлыққа, бауырмалдыққа бастайтын игі дәстүрлер көп-ақ. Солардың бірі – асар жасау. Бұл дәстүрдің ерекшелігі сол, жомарт жандар шын мұқтаж отбасыларына көмек қолын созып, асарлатып үй алып беру арқылы, елдің береке-бірлігін арттырады.

Ауданымызда бірнеше жылдан бері қолға алынған «Асар» жобасы қаншама көмекке зәру азаматтардың көңіліне қуаныш сыйлап келеді. Жақында аудан әкімі Бегзат Болатбековтың қабылдауына келген жалғызбасты ана Гүлжан Кенжебай аудан басшысына жағдайын айтып, баспана алуына жәрдемдесуін сұраған болатын.  Бегзат Сейсенқұлұлы үш баласын (біреуінің мүгедектігі бар) жалғыз өзі асырап отырған аудан тұрғынының мәселесін шешуге ықпал ететіндігін жеткізді.

Міне, күні кеше жалғызбасты ананың көптен бергі арманы орындалып, аудан орталығынан «Асар» жобасы аясында үйлі болды. Асарлатқан ағайын баспана иесіне үйінің кілтін табыстап, ізгі тілектерін жеткізді. Гүлжан Боранбайқызы өз кезегінде осындай берекелі іске ұйытқы болған қайырымды жандарға шынайы алғысын айтты.

Айта кетейік, «Асар» жобасы аясында 2023 жылы 16 аз қамтылған отбасы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.