Жол жөндеу жұмыстары басталды

0

Соңғы жылдары Қордай ауылының бірталай көшелеріне өң кіріп, жолдары түзелді. Десе де уақыт өте тақтадай түзу жолдарда ойық-шұңқырлар пайда болды. Күз және қыс мезгіліндегі ауа райының әсерінен бе, жолды жөндеген мердігерлердің салғырттығынан ба Қордайдағы бірқатар көшедегі шұңқырлар көлік жүргізушілеріне қолайсыз жағдай туғызғаны анық.

Осыған орай күн жылуымен Қордай ауылдық округі тапсырыс беріп, жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Мәселен, күні кеше Байзақов көшесіндегі №51 орта мектеп маңындағы жолдың ортасына жөндеу техникалары шығарылды. Көше бойына қозғалысқа қиындық туғызар түрлі кедергі-белгілері орнатылғанымен, халықтың көңілі тоқ. Себебі, соңғы кездері бұл жердегі терең шұңқырлардан айналып өту айтарлықтай қиындық туғызғаны шындық.

Қордай ауылдық округінің берген мәліметінше, аудан орталығындағы ойық-шұңқыры бар көшелер зерделеніп, коммуналдық шаруашылық мекемесіне жалпы 3600 шаршы метр жерге асфальт төсеу туралы тапсырыс берілді. Бүгінгі күнге шұңқырларды жамау жұмыстары басталып, техника асфальт төсеуге кірісіп кеткен. Мұнда 20 шақты жұмысшы еңбектеніп, асфальтөсеуіш, грейдер, тегістегіш және ауыр жүк көлігі сынды онға тарта техника жұмылдырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.