Асхат кезекті жеңісіне жетті

0

Жерлесіміз, кикбоксингтен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, кәсіпқой боксшы Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

4 тамыз күні Түркия мемлекеті Ыстанбұл қаласында өткен бокс кешінде Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) ауыр салмақта жекпе-жегін өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сонымен қатар, жерлесіміз WBS нұсқасы бойынша халықаралық белбеуінің иегері атанды.

Осылайша, Асхат Жантұрсынов Азия чемпионының UBO белбеуіне тағы да WBS-ті қосып, екі белбеу иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Ауқатты ауылының тумасы Асхат Жантұрсынов кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның алты дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы және кикбоксингтен 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. 2018 жылдан бастап бірінші ауыр салмақ дәрежесінде кәсіпқой боксшы. 13 жасынан Тараз қаласындағы «Жоғары спорт шеберлігі мектебінде» Таалай Дүйшекеевтің жетекшілігімен кикбоксингпен айналыса бастаған. Көк туымызды желбіретіп, аудан атын танытып жүрген спортшымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.