АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ АЛҒАН АСУЫ АЗ ЕМЕС

0

Қазақстан Халқы Ассамблеясы тек ұлтаралық байланысты нығайтып қана қоймай, жастардың болашағына да назар салып, олардың қоғамдағы белсенділігін жоғарылату бағытында да келелі істер атқарып келеді. Бұл ретте Жамбыл облысы «Ассамблея жастары» өңірлік қоғамдық бірлестігі 2022 жылдың жарты жылдығында 32 іс-шара өткізіп 3400 жас қамтыған.

Жыл басында «Ассамблея жастары» жастар ұйымының ресми тұсаукесері ұйымдастырылып, «Ассамблея жастары» РҚҰ жұмысының алты негізгі бағыты ұсынылды: «Social Assembly» — жастарды әлеуметтік қолдау, олардың білім алу деңгейін арттыру және жұмысқа орналасуға көмек көрсету, «Бірлік тілі» — мемлекеттік тілді үйрену, «Ел мұрасы» — тарихи- мәдени мұраны сақтау, «Таза орта» — экология мен қоршаған ортаны қорғау, «Қасиетті парыз» — әскери-патриоттық тәрбие беру, «Jastar media» — медиа- жобаларды дамыту және медиа-сауаттылықты арттыру.
Осындай бағыттардың негізінде Тараз қаласындағы Достық үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Саят Төлепбергенов «Мемлекеттік қызметке түсу мәселелерін түсіндіру» тақырыбында Өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесу өткізді. Іс-шараға «Ассамблея жастары», оның ішінде АБТК, Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің белсенділері, сондай-ақ, қалалық Туризм жастары қатысты. Жиын барысында жастар мемлекеттік қызметкер болуы үшін қажетті ақпараттың барлығын алды.
«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы – мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдірген жастарды оқыту және мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізуге бағытталған. Жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы арасында жасалған үш жақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумы аясында іске асырылады. Жобаға «Ассамблея жастары» ҚБ мүшелері қатысып сертификат алды.
Жамбыл облыстық Ассамблея жастары «Менің қалам — менің аулам» атты «Тал егу» экологиялық акциясын да іске асырды. Оған кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін ағаш отырғызып, оны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде #тазаауажұтТараз, #ассамблеяжастары, #ҚХА, #Қоғамдықкелісім", #табиғаттыаяла, #жасылел сияқты тағы басқа өздерінің осы іс-қимылдарына жақын хештегтермен орналастыруы қажет. Жамбыл облысы ассамблеясының жастары қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды акцияны қолдауға шақырады. Қазақстан Республикасының рәміздері күніне 30 жыл толуына орай, Жамбыл облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі мен облыстық «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының белсенді жастарымен бірлесіп «МАРТ» ойын-сауық орталығында, сондай-ақ, халық көп шоғырланған ортада рәміздер бойынша блиц-сұрақтар қойылып, лайықты жауаптар алынды. Бір қуантарлық жағдай, халық арасында — ересектер, жастар, балалардың көпшілігі Қазақстан рәміздерінен, оның мән- мағынасынан толық хабарлары бар екенін көрсетті. Мерекеге орай, ассамблея жастарының қатысуымен «Менің туым — менің мақтанышым» патриоттық акциясы ұйымдастырылды.
Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері «Ассамблея жастары» ӨҚБ жастары ағымдағы жылдың 5 маусымында кешегі жалпыхалықтық референдумда Жаңа Қазақстан құружолында ҚР Конституциясына игілікті түзетулер мен өзгертулер енгізу бойынша бірауыздан дауыс беруге қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.