Атаулы әлеуметтік көмек

0

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Адамдардың (отбасылардың) шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түріндегі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Шартсыз ақшалай көмек:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:

осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;

бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;

екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек

  1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар кірісі аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) қажет болғанда әлеуметтік бейімдеу кезінде көрсетіледі.
  2. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады.

Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.

Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

  1. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт кірісі аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге алып келген жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынылған кезде бұзылады.

Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасына) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.

  1. Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:

1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;

3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;

4) үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.

Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін;

5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.

Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Руслан Серіков, Қордай ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.