ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ

0

Бүгінгі таңда арнайы білім беруді қажет ететін ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеу, сонымен қатар қоғамға бейімдеу жүргіземіз. Зерде бұзылысы және де психологиялық дамуы тежелген, мінез құлқында бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасаймыз.

Мақсатымыз – ерекше білімді қажет ететін балаларды зерделеу барысында мүмкіндіктеріне қарай жеке және топтық сабақтар түрін ұсынамыз.

Бізге келген балалардың зейіні шашыраңқы және саусақ моторикалары жасына сай болмайды. Сондықтан, әр сабақта балалармен күнделікті үй жағдайында жасайтын ойындар  ұйымдастырамыз.

Мысалы, Монтессори әдісі арқылы бес аймақтың жаттығуларын орындаймыз.

  1. Күнделікті өмір жаттығулары. Балаларды қарапайым өздерінің түймесін салуды, аяқ киімнің бауын байлауды және дұрыс тамақтану мен ыдыс жууды үйретемін.
  2. Сенсорлы аймақта балаларға үлкен -кіші және биік – аласа, ауыр – жеңіл, түстерді ажырату деген ұғымдарды түсіндіремін.
  3. Жаратылыстану аймағында балаларды қоршаған орта мен және түрлі пішіндерді, пазл құрастыру дағдыларын қалыптастырамын.
  4. Математика аймағында санауды, қосу мен алуды, көбейту мен бөлуді және үш, төрт таңбалы сандарды, олардың орындарын табуды үйретемін.
  5. Тіл аймағында біріншіден суретпен жұмыс жүргізіледі, содан кейін әріптерді оқуды, жазуды үйретемін.

Монтессори сабағында топта төрт – бес баладан артық болмауы керек. Өйткені балалар үстелде, кілемнің бетінде жұмыс жасайды.

Монтессори сабағы балаларды еркіндікке және көмексіз өз бетінше жұмыс жасауға бейімдеймін. Монтессори сабағының ұзақтығы 30 – 40 минут арасында өтеді. Сабақтан кейін әр ата-анаға үйде қалай дұрыс жұмыс жүргізетіндігі туралы көп кеңестер беріп отырамыз.

Психолоогиялық-педагогикалық түзету кабинеті мына мекенжайда орналасқан: Қордай ауылы , Жібек жолы № 300 үй.
Байланыс телефоны: 4-51-93, 87785132090
.

Айханыш Әбдікерімова, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің психолог маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.