Аудан әкімі Р.Дәулеттің аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Құрметті жерлестер! Қадірменді көпшілік!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мереке — еліміздегі барлық этнос өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірінің көрінісі, бірлігі мен ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің мерейлі мерекесі. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында бұл мерекенің мән-маңызы арта түскендей.
«Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға
жеттік. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты
байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей,
ұлтаралық татулық пен ауызбіршіліктің арқасында еліміз жаңғырудың жаңа белесіне көтеріліп, тәуелсіздігін нығайтты. Сондықтан да бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі болып қала бермек.
Осындай көпұлтты мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдардағы қол жеткізген жетістіктері, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында екені анық.
Тәуелсіз еліміздің одан әрі өсіп-өркендеу, саяси өрлеу жолындағы қарышты қадамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында жалғасын тауып, бүгінде еліміздің барша азаматтары арасында үлкен қолдауға ие болып отыр.
Ұлтаралық татулығымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып, сол бірліктің ұйытқысы болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы көп елге үлгі болып келеді. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауданымызда 30-дан астам түрлі этнос өкілдері бір кісідей жұмылып еңбек етуде.
Бүгінде ауданда әр түрлі этностардың салт-дәстүрлерін сақтай отырып, этносаарлық қатынасты нығайту мақсатында 9 этномәдени бірлестік жүйелі жұмыс атқаруда.
Осылайша, Елбасының ұлтаралық тұрақтылық жөніндегі саясаты өз нәтижесін беріп, ауданымыз бүгінде барлық сала бойынша облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрінуде. Бұл біздің халқымыздың достығын, елдігін, ынтымағын білдіреді. Алдағы уақытта да ауданымыздың әрбір тұрғынының еселі еңбегі экономиканы жаңғыртуды жүзеге асырудың негізі болары сөзсіз.
Қадірменді жерлестер!
Ортақ шаңырағымызда сыйластық пен сенімділік, татулық пен тұрақтылықты сақтау үшін ортақтасып атқарған ісіміз оң болғай!
Бейбіт өмірде берекелі ғұмыр кешкен көпұлтты халқымыздың бірлігі жарасып, татулығы мен ынтымағы арта берсін!
Бүгінгі бірлік мерекесімен баршаңызды құттықтай отырып, сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!