Аудан әкімінің кубогы үшін

0

«Қайнар» бильярд клубында ардагерлер және мәслихат депутаттары арасында Қордай ауданы әкімінің кубогы үшін жарыс өтті.

Асқан ептілік пен дәлдікті қажет ететін бильярд ойыны аудан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Ашылу салтанатына қатысқан аудан басшысы Бегзат Болатбеков барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстану, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталды.

-Мұндағы мақсатымыз үлкендердің басын қосып, спорттың осы түріне ден қою, ынтымақ пен бірлікке шақыру, құрмет көрсету болды, — деді Бегзат Сейсенқұлұлы.

Ашылу салтанатында аудандық бильярд спорты президенті Бақтыбай Нүсіпбаев сөз алып, аудан басшылығы мен қатысушыларға алғысын білдіріп, аудан атынан түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген қордайлықтар туралы айтып өтті.

Шара барысында спорт ардагері Байділда ақсақал бата беріп, аудан басшысы иығына дәстүрге сай шапан жабылды.

Құттықтаулар легіне аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, «Amanat» партиясы аудандық филиалы төрағасы Бейқұт Жамангозов те қосылды.

Турнир жеңімпаздарына ақшалай сыйлық пен медаль табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.