АУДАН АТЫН АСҚАҚТАТҚАН

0

Күні кеше жастар арасында Азия чемпионы атанған жерлесіміз Диас Молжігітовтің құрметіне Қордай ауылының орталық стадионында марапаттау шарасы ұйымдастырылды.

Жас боксшыны аудан тұрғындары қошеметпен қарсы алды. Аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықов және ардагер бапкер Мықтыбек Алтыбаевтар Диасқа алғыстарын айтып, ізгі тілектерін жеткізсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет батасын берді.

Аудан әкімі Диас Молжігітовті марапаттап, оның ата-анасына және бапкерлеріне де алғысын айтты. Сонымен қатар, қазақи дәстүрге сай боксшының астына ат мінгізді. Іс-шарада Диастың алғашқы жаттықтырушылары, №17 БЖСМ бапкерлері Жомарт Шолпанбаевқа және Қайрат Жұманқұловқа да жылы сөздер айтылды. Диастың әкесі Дүйсебек Молжігітов ұлын қолдап, құрмет көрсетіп жүрген басшылыққа да алғысын жеткізді. Аудан өнерпаздары ән айтып, марапаттауға келген тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлады. 

Еркін Қатбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.