Қордайлық спортшылар әркез аудан намысын абыроймен қорғап, жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Жуырда жас спортшыларымыз кезекті жеңістерімен қуантты.
17-20 қаңтар аралығында Тараз қаласында самбо күресінен 2007-2008 және 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Жамбыл облысының чемпионатында Отар ауылындағы №1 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубының «Самбо» үйірмесінің тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда, Руана Досымова – І орын (жаттықтырушысы Б.Жақсылықов),
Нұрислам Тыныштықхан – ІІ орын, Ерсін Амантай – ІІ орын, Құрманғали Сайлаубек – ІІІ орын, Нұрислам Ботағараев – ІІІ орын (жаттықтырушысы Б.Бегжанов ).
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Гвардейский қалашығындағы Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектебінің оқушылары. Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!