Қордай ауданында 40 және 50 жастан асқан ардагерлер арасында кіші футболдан әуесқой лига командалары арасында Қордай ауданының ашық чемпионаты басталды. Келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасатын чемпионат алғашқы ойындарын да өткізіп үлгерді.
40+ лигасында «Жаңатұрмыс», «СДДиА», «Масаншы», «Қордай-95», «Мерке», «Отар», «Қарасай», «Имамдар», «Сортөбе» командалары кім мықтыны анықтайтын болады. Ал, 50+ лигасында «Достар», «Жегжаттар-1», «Ауқатты», «Жаңатұрмыс +50», «Атамекен», «Жегжаттар-2», «Бұлар батыр», «Happiness» командалары бақ сынайды.
Өткен жексенбідегі ойында 50+ лигасында «Достар» «HAPPINESS-ті» 13:2 есебімен ойсырата ұтса, «Жегжаттар-1» командасы «Бұлар батырдан» 4:1 есебімен басым түсті. Ал, «Жегжаттар-2» командасы «Ауқаттыға» 0:2 болып есе жіберді.
40+ лигасында «Жаңатұрмыс» командасы «Сортөбені» 7:1 есебін ұтса, «Қордай 95» «Отардан» 3:2 есебімен басым түсті. Ал, «Қарасай» мен «СДДиА» командалары арасында болған ойында 4:6 есебімен дәрігерлер жеңімпаз атанса, «Имамдар» командасы «Масаншы» аяқдопшыларынан 1:3 есебімен ұтылып қалды.