Аудандық Мәдениет үйінде «Қордай Аруы-2026» байқауы өтті

0
Аудандық Мәдениет үйінде «Қордай Аруы-2026» байқауы өтті. Қазақ халқы қашанда ұлын нарға, қызын арға балап, көңілінің дархандығын қазақтың кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – елдің көркі» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен.
Бұл байқаудың мақсаты қыз балаға тәрбие берер салт-дәстүрімізді жаңғырту, биязы қылық, өрелі өнер, инабаттылығын дәріптеу. Тал бойында міні жоқ, ашылмаған сыры көп, алма мойын, қиғаш қас әсем де сұлу арулар сахна төріне шығып өз өнерін паш етті. Сонымен қатар қатысушы қыздардың өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту, олардың шығармашылық қабілеттерін ашу, қыздардың ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін тәрбиелеу болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.