Аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықовтың құттықтауы

0

Құрметті  ақ жаулықты әжелер, ару аналар! Қыз-келіншектер!

Көктемнің тамаша мерекесі  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен

шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке көңілге жылулық сыйлайтын, жаңа үміттер әкелетін, махаббат пен сұлулық салтанат құратын күн. Ана – тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы. Әр шаңырақтың шырайын кіргізетін, перзентінің әр бастамасын қолдайтын, жаңа жетістіктерге ынталандыратын,  батылдық пен сенімділік беретін алып күш. Біз аналарымыз бен әжелеріміздің парасаттылығы мен шыдамдылығы,

мейірімділігі мен қамқорлығы үшін алғыс айтамыз.

Сіздердің нұрлы жүздеріңіз, жомарт жүректеріңіз, өмірге құштарлықтарыңыз әлемді жарқын жаққа өзгертеді. Сіздер адал еңбектеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және үнемі жақсылыққа ұмтылуларыңыздың арқасында жоғары

нәтижелерге қол жеткізіп келесіздер.

Құрметті әйелдер, өмірлеріңіз ең жарқын оқиғаларға толы болсын. Осындай әсемдік пен сұлулықтың мерекесінде дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мейірімге толы жүректеріңіз

қуаныш пен шаттыққа кенеле берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.