АНА — өмір бастауы, АНА – өмір шуағы

0

Құрметтеуді, мақтауды жүз асыра,

Тек сегізін күтпейік біз асыға.

Аналарды ардақтап біз әр уақыт,

Тіршілікте теңейік тек асылға.

 

Ізгіліктер әр жаннан табылмас тек,

Ағат іске бармайық, жаным жас деп.

Құрметтейік болашақ ана ғой деп,

Аялайық әпкем деп, қарындас деп.

 

Патшаны да әкелген, ғалымды да,

Анаңдай мейірбан жан табылдыма?!

Аналар ешқашан да жыламасын,

Жаратқаным болсыншы қабыл дұға.

 

Олардың әрқашанда сүйегі асыл,

Тағдырынан алсын мол сыбағасын.

Баласымен анасын сынамасын,

Анасымен баласын сынамасын!

Шырылдаса, сәбиі елең етер,

Ана деген-ұлылық керемет ең!

Баламның табанына кірген тікен,

Маңдайыма қадалсын дейді екен.

 

Әділет Құттыбай, Қордай ауылы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.