АУДАНДЫҚ СОТ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ІСТЕРДІҢ СОТТА ҚАРАЛУЫ

0

«2023 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №216-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заңнамалық жаңартулар неке және отбасы қатынастарынан туындайтын істердің соттылығына тоқталды.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап балалардың мүдделерін қозғайтын отбасылық даулар ювеналды соттарға жіберілуде. Нәтижесінде, облыс орталықтарындағы ювеналдық соттардың штаттары көбейтілген. Онда неке бұзу және бала құқығына қатысты қандайда бір даулардың барлығы қаралады. Облыс бойынша мұндай даулар қаралған кезде, бірден бес дау қаралады. Яғни, бір істе неке бұзу, алимент мәселесі, әйеліне үш жасқа дейін баланы асырау үшін төленетін алимент, балалармен кездесу уақыты және дүние-мүлік бөлісу. Егерде тараптар отбасылық дауды аудандық сотта қаралсын десе, онда жергілікті соттарда қарала береді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне жатқызылатын даулар тізбесі:

— кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, мүлікті бөлу (кәмелетке толмаған балалар болған кезде) туралы,

— баланың тұрғылықты жерін айқындау, соның ішінде бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде айқындау;

— ата-анасының, жақын туыстарының олардан бөлек тұратын баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау;

— заңның негізінсіз басқа адамдардың қолындағы баланы алып қою туралы;

— ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру (шектеулерді жою) туралы;

— бала асырап алу және оның күшін жою,

— бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы;

— кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы;

— кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша;

— әкесін анықтау және алименттер өндіріп алу туралы;

— он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз кірістеріне өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша;

— кәмелетке толмаған адамды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;

— алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы;

— кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы;

— Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы;

— кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 27-бабында азаматтық істердің мамандандырылған соттардың, мамандандырылған сот құрамдарының соттылығына жатқызылуы көрсетілген.

Мысалы аталған баптың 3 бөлігіне сай, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, мүлікті бөлу (кәмелетке толмаған балалар болған кезде) туралы, баланың тұрғылықты жерін айқындау, соның ішінде бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде айқындау; ата-анасының, жақын туыстарының олардан бөлек тұратын баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау; заңның негізінсіз басқа адамдардың қолындағы баланы алып қою туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру (шектеулерді жою) туралы; бала асырап алу және оның күшін жою, бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; әкесін анықтау және алименттер өндіріп алу туралы; он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз кірістеріне өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмаған адамды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

Е.Ілиясов, Қордай аудандық сотының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.