Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен №51 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Интернет алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлерін түсіндіру, олардың алдын алу жолдарын көрсету және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді жария етпеу, белгісіз нөмірлер мен аккаунттардан келген хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде және онлайн төлемдер кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды екені түсіндірілді.