«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты тетіктердің бірі ретінде өз тиімділігін көрсетіп келеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, негізгі жұмысымен қатар жеке кәсіпті қатар алып жүрген жандардың бірі – Шу қаласындағы №10 колледждің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, көпбалалы ана Айгерім Махамадиева, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Білім беру саласында 18 жылдық тәжірибесі бар ұстаз осы уақыт ішінде талай шәкірттің спортқа деген қызығушылығын оятып, олардың жетістікке жетуіне жол ашқан. Оның тәрбиесін көрген оқушылар бүгінде түрлі жарыстарда топ жарып жүр. Әріптестері де Айгерімнің өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, талапшыл әрі білікті маман екенін ерекше атап өтеді.