АВТОБУС ҚАТЫНАСЫ ҚАЙТА ҚАЛЫПҚА КЕЛДІ

0

Редакцияға Цемзауыт елді мекенінің тұрғыны Анатолий Фунтиков қайырылып, Қордай ауылдық округінің әкімі Бақыт Сахатов «Цемзауыт-Қордай» бағыты бойынша автобус қатынасы қашан басталады деген сұраққа жауап берсе деген тілегін жеткізді. Аталмыш елді мекенге автобус қатынасы тоқтағанына біраз уақыт болып, жергілікті тұрғындар аудан орталығына жету үшін бірқатар қиындықтарға тап болған. Біз мәселенің мән-жайын білу үшін ауылдық округ басшысына жолықтық.
Округ әкімінің айтуынша, адамдарды тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылып, сұхбат жүргізілген екен. Кездесу барысында елді мекен бойынша автобус бағыттары зерделеніп, бірқатар мән-жай анықталған. Жолаушылар саны аз болып, жанар-жағар май бағасы өсіп кетуіне байланысты жүргізушілер бұл бағыттан бас тартуға мәжбүр болған. Қазіргі таңда көп тұрғындардың тілегі бойынша және оқу жылының басталуына байланысты аталмыш көлік қатынасы қайтадан іске қосылған. Бұл бағыт Қордай ауылының Төле би көшесінен («Райцентр» аялдамасы) басталады. Тасымал сағат 07.50-де басталып, Цемзауыттан сағат 15.25-те аяқталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.