Автокөліктердің қысқа даярлығы тексерілді

0

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты 30212 әскери бөлімінде «Автокөліктің қысқа даярлығы – оны апатсыз пайдаланудың кепілі» тақырыбында алдын алу іс-шарасы өтті.

Бөлімнің автоәуесқойлар одағының төрағасы гвардия подполковнигі Біржан Мұстафаев пен автомобиль қызметінің бастығы гвардия капитаны Асқар Түлебаев осы айлықты өткізу жоспарына сай бөлімнің жеке автокөлік иелерімен жол ережелерін сақтау жөнінде сабақтар өткізіп, қауіпсіздік ережелерін жеткізді.

Сонымен қатар бөлім жеке құрамы арасында жол-көлік оқиғасының алдын алу және көліктерінің техникалық жағдайларын тексеру мақсатында Гвардейск гарнизонының Әскери полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен бөлім жеке құрамына тиесілі жеке автокөліктердің қысқа даярлығын, олардың техникалық жағдайлары мен құжаттарын тексерді. Ескертулер, кемшіліктер болған жоқ. Биылғы жылғы тексерудің бір ерекшелігі – автокөлік иелері автокөлікке «Әке, асықпаңыз, біз Сізді үйде күтеміз!» деген жазумен отбасы суретінің болуы да тексерілді. Әрине, мұндай суреттің автокөлікте орналасуы жақсы жағынан пайдасын тигізері сөзсіз.

Тексеру соңында бөлім командирі гвардия полковнигі Алмас Доспаев бөлімнің жеке құрамына жол ережелері мен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқау берді.

 

30212 әскери бөлімі гвардия капитаны Гүлназира Самашова

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.