БӨЛІМНІҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

0

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлерінің Оқу орталығы бөлімнің құрылған күнін атап өтті.

Қарасай батыр атындағы Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің кіші мамандарын даярлайтын Оқу орталығы, 80-ші Гвардиялық Умандық ІІ-ші дәрежелі Суворов орденді мотоатқыштар дивизиясының заңды мұрагері.
Әскери бөлімнің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің және Қорғаныс министрінің аманатын орындай отырып, бейбіт уақытта Қарулы күштеріміздің беделін көтеріп, нығайтуда.
Әскери бөлім жеке құрамы өздерінің ерен еңбектерімен, жоғары кәсіби дайындықтарымен, қызметтік міндеттерін батылдықпен орындап, әскери бөлімнің құрылған күнінің 81 жылдығын тойлауда.
Кәсіби мереке салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шарада мемлекетіміздің әнұраны орындалып, әскери қызметшілер мен Қарулы күштеріміздің қызметкерлері марапатталды. Әскери бөлім командирі ұлан полковнигі Сабит Уркенбаев жоғарғы басшылықтың құттықтауларын жеткізді. Сондай-ақ, жеке құрамды құттықтап, әскери бөлімнің тарихы мен жетістіктері туралы айтты. Салтанатты шараға бөлімнің әскери қызметшілері мен қызметкерлері және әскери бөлімде қызмет атқарып, зейнетке шыққан Қарулы күштеріміздің ардагерлері қатысты.
– Міне бүгін Тәуелсіздік күні мерекесімен қатарлас келген кәсіби мерекемізді, яғни екі мерекені бірге салтанатты түрде атап өтудеміз. Осы мерекелік іс-шарада 2022 оқу жылының қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен қызметкерлерді және әскери бөлімде қызмет атқарып, зейнетке шыққан ардагерлерімізді құттықтап, марапаттау рәсімін өткіздік. Өз атымнан және әскери бөлімнің жеке құрамы атынан Қарулы күштеріміздің әскери қызметшілерін және еліміздің барлық азаматтарын 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, – деді әскери бөлім командирі ұлан полковнигі Сабит Уркенбаев.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.