Бүгін Тараз қаласында жаңа туристік нысан – «ZERBULAQ» қонақ үй кешені салтанатты түрде пайдалануға берілді.

0

Бүгін Тараз қаласында жаңа туристік нысан – «ZERBULAQ» қонақ үй кешені салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова арнайы қатысып, жоба авторларын құттықтап, қала тұрғындары мен қонақтарына ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өз сөзінде Гүлдана Әлімжанқызы мұндай заманауи нысандардың ашылуы Тараз қаласының туристік әлеуетін арттырып, өңірдегі қонақжайлық индустриясының дамуына тың серпін беретінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан жобалардың өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және қызмет көрсету сапасының жақсаруына оң әсер ететінін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.