БҮГІН — «ЖЕТІНШІ АРНАДА» САЙЛАУАЛДЫ ТЕЛЕДЕБАТ!

0

Бүгін, 5 тамызда, Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің қатысуымен «Жетінші арна» телеарнасында сайлауалды телевизиялық дебат өтеді.

Тікелей эфир Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» концерт залынан сағат 20:26-да басталады.

Дебаттың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту. Жоба жаңа интерактивті форматта ұйымдастырылады: қатысушылар өз бағдарламалары мен ұсыныстарын таныстырып, өзекті мәселелерді талқылайды және көрермендердің сұрақтарына жауап береді.

Кеше «Жетінші арнаның» жаңалықтар шығарылымында тікелей эфирде өткен жеребе тарту қорытындысы бойынша теледебатқа қатысушылардың сөз сөйлеу реті төмендегідей анықталды:

1. Respublica – Мейрамгүл Мадали
2. «Ақ жол» – Дулат Тастекеев
3. ЖСДП – Мақсұт Насибулов
4. «Әділет» – Рауан Кенжеханұлы
5. «Байтақ» – Аслан Байзаханов
6. «Ауыл» – Шахмардан Байманов
7. Қазақстанның Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов

Көрермендер тікелей эфир барысында интерактивті дауыс беруге қатысып, сондай-ақ «Жетінші арнаның» ресми Instagram парақшасында өз пікірлері мен комментарийлерін қалдыра алады.

Бүгін сағат 20:26-да «Жетінші арнадан» және арнаның YouTube-парақшасынан тікелей эфирді тамашалаңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.