Бүгінде Қазақстандағы кітапханалар жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Келушілер санының артуы, оқырмандар қатарының көбеюі және кітапқа деген сұраныстың жоғары болуы қоғамда оқу мәдениетіне деген ықыластың күшейгенін көрсетеді.

0

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамытуға айрықша мән беріп отыр. Президент кітаптың зияткер, ойлы әрі прогрессивті ұлт қалыптастырудағы рөлі ерекше екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

Қазіргі уақытта кітапханалар еліміздегі ең көп баратын мәдениет мекемелерінің қатарында. Соңғы деректер бойынша кітапханаларға келушілер саны 57 миллионға жетті. Пайдаланушылар қатары 5,3 миллионнан 5,5 миллион адамға дейін көбейді. Ал оқырмандарға берілген кітап көлемі 85,7 миллионнан 88,9 миллион данаға ұлғайды. Бұл көрсеткіштер қоғамда кітапқа деген қызығушылықтың сақталып қана қоймай, тұрақты түрде артып отырғанын айғақтайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.