Ауқатты ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылындағы Жұбан Молдағалиев атындағы негізгі мектепте орналасқан №519 референдум учаскесіне келген дауыс берушілер бүгінгі күннің маңыздылығын ерекше атап өтуде.
Негізінен дүнген ағайындар қоныстанған елді мекен тұрғындары да референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Олардың айтуынша, ел болашағы бәрінен маңызды.
«Біз үшін Отанымыздың келешегі аса қымбат. Сондықтан әрқайсымыз өз азаматтық борышымызды орындап, дұрыс таңдау жасауға тырысамыз. Бұл – елге деген сүйіспеншілігіміздің белгісі», – дейді ауыл тұрғындары.
Жалпы, №519 референдум учаскесінде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Бұл – ауыл азаматтарының отансүйгіштік қасиетінің айқын көрінісін көрсетеді.