Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлардың бағасын негізсіз өсуіне және тауардың сауда үстемесі 10-15% аспауына зерделеу жүргізу мақсатында Гвардейск қалашығындағы сауда нүктелерінде мониторинг жүргізді. Шара барысында негізсіз баға өсіру фактілері тіркелгенін де айта кеткен жөн.
«ЖК Ахынов» қарасты «Азық-түлік» дүкенінде айран бағасы шекті бағадан қымбат сатылуда. Сондай-ақ, кейбір тауарлардың құжаты болмауына байланысты нақты бағасын анықтау мүмкін болмаған. Сонымен қатар, «Арай», «Жеміс-жидек» дүкеншігі, «Барлық» дүкені, «ЖК Акиловаға» қарасты «Азық-түлік» дүкенінде бірқатар тауарлардың 15 пайыздан аса мөлшерлеме қосқаны анықталып, қоғамдық кеңес мүшелері дүкен иелері мен сатушыларға ҚР «Сауда қызметін реттеу» туралы заңнамасында белгіленген ӘМАТ тауарларының сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодекстің 204-4 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.