БАҒА НЕГІЗСІЗ ӨСПЕУ КЕРЕК

0

Аудан әкімі М.Мұсаевтың төрағалығымен аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және өзге де тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті салалық бөлім басшылары мен аудан кәсіпкерлері қатысты.
Онда нан бағасына ерекше көңіл бөлініп, дүкен сөрелеріндегі нанның қымбат бағада сатылымға шығарылып жатқандығы айтылды.
Аудан басшысы: «Аудандағы әлеуметтік маңызы бар бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасы тұрақты бақылауда. Бағаның негізсіз өсуіне және делдалдар мен алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында арнайы жұмыс тобы да құрылған. Дегенмен, әлі де кейбір кәсіпкерлер қойылған талаптарды ескермей, баға тұрақтылығын сақтамауда. Мұндай жағдайлар ең бірінші тұрғындар қажеттілігіндегі нан өнімдерін сатушылардан анықталып отыр», деп атап өтіп, жиынға қатысып отырған наубайхана басшыларынан сатылымға шығарылатын нан бағасын негізсіз өсірмеуді талап етті.
Қазіргі кезде ауданда тәулігіне 8 мың бөлке нан шығаратын 4 ірі наубайхана бар. Аталған наубайханаларда нан бағасы әртүрлі сатылымда шығарылуда, әсіресе «Медресе» наубайханасында 120 теңгеден 170 теңгеге дейін жоғары бағада сатылуда. Ал, «СТ» және «Шұғыла» наубайханаларында 95 теңгеден табуға болады. Осындай нан бағасының негізсіз өсуіне жол берген кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін аудан әкімінің орынбасары Е.Нұралиев пен аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Әлімқожаевқа тапсырды. Сонымен қатар, жауапты мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері аудандағы барлық азық-түлік дүкендеріндегі нан бағасына рейд жұмыстарын жүргізетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.