БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА БАҚЫЛАУ

0

Өткен аптада аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері бірқатар елді мекендерді аралап, ауыл дүкендеріндегі баға тұрақтылығын зерделеді. Аудандық қоғамдық кеңеске әртүрлі мәселелермен баратын азаматтар азық-түлік бағасының тұрақтылығы туралы да жиі айтады. Бұл сұрақтар кеңестің күнделікті бақылауында десе болады. Қоғамдық кеңестің бюджет, қаржы, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиясының төрайымы Ғ.Шәріпова мен осы кеңестің қоғамдық тәртіп, азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік және мәдени сала, қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі комиссия мүшесі Г.Солодовников аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Э.Дунчебаевпен бірге Қордай және Әлжан ана ауылдарындағы бірқатар дүкендерді аралап көрді және кейбір дүкенде азық-түлік бағасы едәуір өскені байқалғанын айтады. Бірқатар сауда нысандарында баға тұрақтылығының сақталғанын да айта кеткен жөн. Дүкен сатушыларының қолдарына тауар құнын белгілі межеден асырмау туралы жадынамалар табысталып, сауда нүктелерінің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.