3 АЙДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

0

Осы аптада Қордай аудандық сотында 2023 жылдың 3 айындағы сот жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтіп, онда аудандық сот төрағасы Ерлан Ілиясов тілшілерге атқарылған жұмыстар турасында ақпарат беріп, бірқатар өзекті мәселелермен де бөлісті.
Сот төрағасы баяндама барысында бірқатар статистикалық мәліметтерді келтіріп өтті.
2023 жылдың 3 айында Қордай аудандық сотымен 31 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 30 іске айыптау үкім шығарылып, 1 қылмыстық іс ҚПК тараптарын бұзған үшін прокурорға қайтарылыпты.
-Ағымдағы жылдың 3 айында сотпен 227 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 102 шешім шығаруымен, 65 сот бұйрықтарын шығаруымен аяқталып, 26 іс өндірісі қысқартылды. Оның ішінде 1 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен соңына жетсе, 1 іс парсипативтік келісіммен, 23 іс медиация тәртібімен аяқталған, — деді Ерлан Құрманғалиұлы.
Баспасөз конференциясы барысында аудандық сот төрағасы жалпы көп қаралатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы да бірқатар ақпараттар айтты.
Үш ай ішінде сотпен 332 адамға қатысты 332 әкімшілік құқық бұзушылық қаралыпты, 19 іс өндірісімен қысқартылып, 15 іс медиация тәртібімен аяқталған.
Кездесу барысында аталмыш медиация турасында да сөз болды.
Қордай аудандық соты «Отбасылық сот», «Татуластыру рәсімдері» пилоттық жобаларына белсене қатысушы болып табылады. Осы жобалар шеңберінде Билер Кеңесімен және медиаторлардың қатысуымен татуластыру рәсімдерін жүргізу арқасында 23 іс татуластыруымен аяқталған. Сондай-ақ, аталмыш кезеңде аудандық сотқа 4 әкімшілік талап түсіп, қаралған.
Баспасөз конференциясы соңында Ерлан Ілиясов тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, Қордай аудандық соты сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы да айтып өтті.

Жандос ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.