БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

0

Үстіміздегі жылдың 23 мамыры күні бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен республикалық референдум бойынша семинар-кеңес өтті.

Басқосуда облыстық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов «Республикалық референдумды өткізу бойынша облыстағы референдум учаскелерінің дайындығы» туралы, облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары С.Мадиева «Бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестік өкілдерін аккредитациялау» тақырыбында баяндама жасады.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Жамбыл облыстық референдум комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.