БАЙҚАҢЫЗ – БАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ

0

Қауіпсіздік – әрбір тұрғынның тыныштығы мен жайлы өмірінің басты кепілі. Осы бағытта Қордай ауданында қоғамдық тәртіпті күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 «Қауіпсіз Қордай» және «Таза Қазақстан» жобалары аясында биыл Қордай ауылының түрлі аумақтарына жалпы 7 бейнебақылау камерасы орнатылды

Олардың бірі Манас көшесінің Тараз қаласы бағытына шығатын тұсына қойылса, қалғандары Тараз көшесі мен Жеңістің 40 жылдығы көшелерінің қиылысына, сондай-ақ Самал шағын ауданындағы Қарасай батыр мен Бәйдібек би көшелерінің қиылысына орнатылды. Бұдан бөлек, Даңқ аллеясы аумағы да бейнебақылау жүйесімен қамтылуда.

Бейнекамералардың басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тәртіпті бақылау және қоқысты белгіленбеген орындарға тастау сияқты заң бұзушылықтарды анықтау.

Қордайдың қауіпсіз әрі таза мекенге айналуы – ортақ міндет. Осы мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, елді мекен аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.