БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

0

Халықаралық мейіргерлер күніне орай ұйымдастырылған ауқымды іс-шара өз мәресіне жетіп, сала үздіктері салтанатты түрде марапатталды. Байқау барысында мейіргер ісінің үздік өкілдері анықталып, олардың кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі жоғары бағаланды. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жан-жақты көрсетті. Салтанатты марапаттау рәсімінде Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек құттықтау сөз сөйлеп, мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі орны айрықша екенін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер қатарында қордайлықтар да бар.

«Үздік ауыл мейіргері – 2026» номинациясы бойынша І орынға Қордай аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелік мейіргері Аяжан Жылқыбаева ие болды.

Кәсіби шеберлік пен тәжірибе таразыға түскен додада жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.