Байзақ ауданындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйі жаңаруда

0

Байзақ ауданында 1976 жылы пайдалануға берілген әл-Фараби атындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимаратқа осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын жөндеу жасалғанымен, уақыт өте келе еден жабындары тозып, шатыр мен ішкі инженерлік жүйелер жаңартуды қажет еткен, деп хабарлайды baq-orda.kz облыстық ztgzt.kz газетіне сілтеме жасап.

Мәдениет үйінің жай-күйі жыл басында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің Байзақ ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген болатын. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жобаның жалпы құны – 296 миллион теңге.

Жөндеу жұмыстары тамыз айында басталып, қазіргі таңда қарқынды жүргізілуде. Мәдениет үйінің директоры Қуандық Құрманалидың айтуынша, құрылыс жұмыстарына 50 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері жаңартылып, тозығы жеткен құрылымдары қалпына келтірілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.