БАЛАЛАРҒА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЖЕТ?

0

Көптен күткен жазғы демалыс. Балалардың бос уақыты көбейген соң, көптеген ата-аналарды баланың демалысын қалай ұйымдастыруға болады деген сұрақ мазалайды. Бүгінгі таңда сіз балаларыңызды мектеп алаңында немесе қала сыртындағы лагерьлерде сауықтыра аласыз.
Қордай ауданы аумағында биыл қала сыртындағы 1 лагерь және мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейді.
Сауықтыру объектісі санитариялық талаптарға жауап беруі тиіс. Маусымның ашылуына дейін қала сыртындағы лагерь басшысы жөндеу-қалпына келтіру және алдын алу іс-шараларын жүргізуі қажет, сонымен қатар дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізуге шарт жасасу және аумақты кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын атқаруы тиіс. Су құбыры желілері мен таза су резервуарын жуу және дезинфекциялауды, сапалы ауыз сумен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету, ауыз су режимін ұйымдастыру, сонымен қатар жағажай аумағында шағын сәулет құрылыстары (бастырмалар, жатақтар, орындықтар, киім ауыстыруға арналған бөлмелер, қоқыс жәшігі, дәретханалар) жабдықталғанын бақылауға алуы шарт. Ас блогына тиісті біліктілігі және медициналық тексерісі бар мамандар ғана жіберіледі, сонымен қатар тамақ өнімдерін арнайы автокөлік тасымалдауы керек.
Маусым басталар алдында медицина қызметкерлері балалардың денсаулығын нығайту және шынықтыру бойынша іс-шараларды қамтитын сауықтыру іс-шараларының жоспарын әзірлеуі тиіс.
Н.ҚУАТБАЙ, Қордай аудандық санитариялық-эпидемиолгиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.