БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

0

Әсілінде, «Қайырымдылық» деген шартты атауы болмаса, жүрегі жұмсақ жандар жақсылықты ешқайда жар салмай-ақ, жасауға бар. Солардын қатарынан, әсіресе, шекарашыларды жиі көруге болады. Соның нақты дәлелі, жакында ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментіне қарасты Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының майоры С.Асадов бастаған шекарашылар  қайырымдылық акциясын өткізді.

Шекара шебіндегілер бұл жолы Қордай аудандык «Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бүлдіршіндерін таңдапты.

Бір қызығы, шекарашы ағаларының өздеріне түрлі сыйлықтар әкеле жатқандарынан хабардар болып үлгерген сәбилер әдемі киімдерін киіп, жүздері жадырап қонақтарды қуана қарсы алды, тіпті өздерінің сүйікті тақпақтарын айтқысы келіп асыққан бүлдіршіндер де болды. Шекарашы ағалары жіберген тамаша сыйлықтар балақайлардың көңілінен шыққаны, олардың бал-бұл жанған жүздерінен байқалып тұрды.

Өз кезегінде, мекеме басшысы Э.Мінісқұлова шекарашылар ұйымдастырған қайырымдылық акциясына алғыс білдірді.

–  Балаларға арналған мұндай шараларды алдағы уақытта да жиі өткізіп, олардың өмірлеріне аз да болса әдемі реңк кіргізсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, аты айтып тұрғандай, мұнда тағдыр тәлкегіне түсіп, түрлі жағдайларға тап болған балалар тәрбиеленеді. Сондықтан, осындай игі бастамалар қамқорлық пен ілтипатқа мұқтаж тәрбиеленушілердің жабырқау көңілдерін шаттыққа бөлейді, — деді Эльнура Төлендіқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.