БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

0

Қордай аудандық орталық ауруханасында балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру бағытында нақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жылдары балалар арасында тыныс алу жүйесі аурулары жиілеп, сапалы әрі мамандандырылған көмекке сұраныс артып келеді. Осыған байланысты аурухана әкімшілігі тәжірибелі педиатр Ляззат Мадибаеваны балалар пульмонологиясы бойынша қайта даярлауға жіберген болатын.

Дәрігер біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтіп, қазіргі таңда балалар пульмонологы ретінде жұмысын бастауға дайын. Жақын күндері Ляззат Аманжолқызы тұрғындарды қабылдай бастайды деп күтілуде. Бұл – тыныс алу органдарының ауруларымен ауыратын балаларға дер кезінде, кәсіби деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Оқу барысында дәрігер тыныс алу жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін, соның ішінде халықаралық клиникалық хаттамаларға сай созылмалы бронхит, бронхиалды астма және өкпенің обструктивті ауруларын басқару тәсілдерін меңгерді.

Бұл – Қордай аудандық орталық ауруханасының балалар денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадамдарының бірі.

Енді аудан тұрғындарына балалардың тыныс алу жүйесіне қатысты кеңес алу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ – кәсіби көмек өз ауданымызда қолжетімді болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.