Қазіргі таңда балалардың терезеден, балконнан немесе биік жерлерден, құлап кету жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай оқиғалар көбіне ата-ананың қарауынсыз қалуынан немесе қауіпсіздік шараларының сақталмауынан болады. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар ауыр жарақаттарға, тіпті қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Неліктен балалар құлап кетеді?
Балалар өте қызығушылық танытқыш және қоршаған ортаны зерттеуге құмар келеді. Олар қауіп-қатерді толық түсінбейді.
Әсіресе:
Терезеге шығып қарау
Жиһазға өрмелеу
Балкон қоршауына сүйену осындай әрекеттер үлкен қауіп тудырады.
Қауіптің негізгі себептері:
Терезеде қорғаныс құрылғысының (блокиратор) болмауы
Терезенің ашық болуы
Жиһаздардың терезе жанында орналасуы
Балалардың қараусыз қалуы
Ата-аналарға кеңес!
Балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі. Бір сәттік қараусыз қалу орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Сондықтан әрқашан сақ болып, үй ішіндегі қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлу қажет.
Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі