Аудан әкімінің бастамасымен Қордай ауылындағы орталық алаң аллеясында тұрғындарға арналған ерекше мәдени жоба – «Сезім ырғағы» музыкалық кештері ұйымдастырылуда.
Кеш барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен талантты жастар көрермендерге ән мен жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әуендерге тұрғындар да қосылып, балалар шаттана би билеп, ересектер күнделікті қарбалас тіршіліктен бір сәт серпіліп, рухани демалыс алды.
Жобаның басты ерекшелігі – әрбір тұрғынның сахна төріне шығып, өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік берілуі. Бұл бастама ауыл тұрғындарының өзара байланысын нығайтып, мәдени өмірдің жандануына тың серпін беруде.
«Сезім ырғағы» – өнер мен көрерменді жақындастырған рухани кеш алаңы.