«БАЛАУСАДАҒЫ» ТАМАША ЖАЗ

0

Әр бала жазғы демалысты ұмытылмайтынды өткізгісі келеді. Біреулер жаздай далада ойнап, суға шомылса, кейбіреуі лагерьге барып, балалармен танысып, тақырыптық кештерге қатысуды жоспарлауда.

Өткен аптада «Балауса» балалар сауықтыру лагері өз жұмысын бастап, демалушылардың бірінші легін қабылдады.
Лагерьдің ашылу салтанатында сөз алған мекеме директоры Р.Ағыбаева балаларға жақсы демалыс пен көтеріңкі көңіл-күй тіледі.
Балалар би мен әндерін дайындап, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара аяқталған соң сап түзеп, ән айтып, әркім оз орындарына жайғасты.
Айта кетерлігі, «Балауса» бір лекте 270 баланы қабылдайды, оның ішінде жетім-балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, кәсіподақ тарапынан келген балалар, оқу үздіктері және белсенді оқушылар бар. 13 маусымнан бері жұмыс істеп жатқан лагерь 4 лекті қабылдауды жоспарлап отыр., Әр лек 12 күннен ұйымдастырылады. Жолдама құны 48180 теңге.
Балалар мекемесінде 5 мезгілдік тамақтандыру қарастырылған, лагерь аумағында бассейн, спорт алаңшалары, шағын футболға арналған алаң бар. Сонымен қатар, балалар үшін әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
-Лагерьге келгенде, осыншама баланы, олардың ата-аналарын көріп, біреумен сөйлесуге ұялған едік. Бір күн ғана өтті, ал біз достасып, уақытты бірге өткізіп жүрміз. Осы жерде дос тауып алғанымызға қуаныштымыз, — дейді балалар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.